Басшының блогы

Нурланбаев Ерик Кумарбекович


Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының ресми сайтына Сізді шын жүректен қарсы аламын.

Ауруханамыздың дүниежүзілік ақпараттық желіге қосылуы оның халықаралық ақпараттық қауымдастық алдындағы беделін көтеріп қана қоймай, жан-жақты дамуында да оң рөл атқарады. Ақпараттық дамудың сапалы жаңа кезеңіне көшу бізге басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ халықтың барлық топтары мен санаттарымен қажетті ақпарат алмасу процесін едәуір жеделдетіп, жетілдіреді.

Сіз біздің атқарып жатқан жұмысымыз туралы ақпарат алып, қаралып жатқан мәселелер бойынша өз ұсыныстарыңызды жібере аласыз. Сайтымызда орналастырылған ақпарат үнемі толықтырылып, жаңартылып отырады, ол мұқтаж адамдарға әрқашан көмектеседі.

Еске саламыз: «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес өзіңіздің нақты тегіңіз бен атыңызды және байланыс                деректеріңізді көрсету қажет. Егер сіз көрсеткен деректер жалған болып шықса, өтініш қаралмай қалдырылуы мүмкін.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы ҚР Заңының кейбір баптары

5-бап. Қарауға жатпайтын өтініштер

  1. Мыналар қарауға жатпайды:
  1. анонимді өтініш, мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер туралы мәліметтер болған және ол мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес дереу жолдануға жататын жағдайларды қоспағанда;
  2. мәселенің мәні баяндалмаған өтініш.
  1. Өтінішті қараусыз қалдыруға негіз болған жағдайлар кейін жойылса, субъект немесе лауазымды адам көрсетілген өтінішті қарауға міндетті.

6-бап. Жазбаша өтінішке қойылатын талаптар

  1. Өтініш қойылған мәселелерді шешу өзінің құзыретіне кіретін субъектіге немесе лауазымды адамға жолдануға тиіс.
  2. Жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтінішінде – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке өтініш беруші қол қоюға немесе оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруға тиіс.
    Шағым берген кезде субъектінің атауы немесе лауазымы, іс-әрекеттеріне шағым жасалатын лауазымды адамдардың тектері мен инициалдары, өтініш жасаудың уәждері мен талаптары көрсетіледі.

8-бап. Өтінішті қарау мерзімдері

  1. Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не барып тексеру талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады.
  2. Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не барып тексеру талап етілетін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қаралады және оның бойынша шешім қабылданады.
    Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда қарау мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, ол туралы өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш күнтізбелік күн ішінде хабарланады.
  3. Өтінішті қарау мерзімін субъектінің басшысы немесе оның орынбасары ұзартады.
  4. Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, өтініш түпкілікті орындалғанға дейін қосымша бақылауға алынады, бұл туралы өтініш берушіге үш күнтізбелік күн ішінде хабарланады.
  5. Қазақстан Республикасының заңдарында өтінішті қарауға өзге де мерзімдер белгіленуі мүмкін.





Введите этот код:
Код проверки