4 және 5 қыркүйек күндері ауруханамызда азаматтарға қарқынды консультативтік қабылдау жүргізілді. Хирург-трансплантолог Оспан Ж.Р., уролог-трансплантолог Мададов И.К., гепатолог Абжапарова Б.С. және УДЗ дәрігері Олжабаева А.К. бауыр мен бүйректің күрделі диффузды аурулары бар пациенттерді тексеру бойынша ауқымды жұмыс атқарды.
Алматы қаласынан келген әріптестеріміздің кәсібилігінің арқасында ауыр патологиялары бар пациенттер сараптамалық ұсынымдар алып, ультрадыбыстық зерттеуден өтті және республикалық деңгейде жоғары технологиялық медициналық көмек алуға іріктелді.
ТГМБ әкімшілігі А.Н. Сызғанов атындағы орталықтың басшылығы мен дәрігерлеріне тығыз ынтымақтастықтары және өңіріміздің тұрғындарының денсаулығын сақтауға қосқан баға жетпес үлестері үшін шынайы алғысын білдіреді.В Талдыкорганской городской многопрофильной больнице (ТГМБ) завершился двухдневный плановый визит мобильной бригады ведущих специалистов ННЦХ им. А.Н. Сызганова.


