Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында алғаш рет өт жолдарына күрделі аз инвазивті ота жасалды: лапароскопиялық холецистэктомия, холедохотомия, интраоперациялық холангиографиямен бірге холедохолитэкстракция.
Операция толығымен лапароскопиялық әдіспен орындалды. Жалпы өт өзегінен конкременттерді алып тастағаннан кейін, өт жолдарының өтімділігін бақылау және резидуальды холедохолитиазды болдырмау үшін интраоперациялық холангиография жүргізілді.
Отаны медицина ғылымдарының кандидаты, PhD, жоғары санатты хирург Нұрланбаев Ерік Құмарбекұлы ТҚКБ хирургиялық және анестезиологиялық командасымен бірлесіп атқарды.
Мұндай оталарды меңгеру Жетісу облысында аз инвазивті және гепатопанкреатобилиарлық хирургияны дамытудың тағы бір қадамы болып табылады және пациенттерге өңірлік деңгейде жоғары технологиялық хирургиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
