Жетісу облысы Хирургтар қоғамының кезекті отырысы облыстың басештатан хирургі, м.ғ.к., PhD Нұрланбаев Ерік Құмарбекұлының басшылығымен өтті

Отырыс барысында өңірдегі хирургиялық қызметтің дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды: әртүрлі хирургиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеудің заманауи тәсілдері, шағын инвазивті технологияларды енгізу, күрделі клиникалық жағдайлар мен өлім жағдайларын талдау.

Кадр мәселелеріне, медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтар мен құрал-саймандармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ қажетті шығын материалдарымен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты — хирургиялық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізу, тәжірибе алмасу және қолда бар мәселелерді шешудің нақты жолдарын анықтау болып табылады.

Облыс хирургтарының ашық кәсіби диалогы мен бірлескен жұмысы хирургиялық қызметті дәйекті түрде дамытуға және өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Белсенді қатысқаны, конструктивті талқылағаны және Жетісу облысы хирургиясының дамуына қосқан үлесі үшін барлық әріптестерге алғыс білдіреміз.