ШЖҚ Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы МКК Сыбыйлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша семинар-кеңес ХАТТАМАСЫ

13.06.2025 жыл                                                                                                                  Талдықорған қаласы

10.00-10.30                                                                                                                           Конференц-зал

 

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «ШЖҚ Талдықорған қалалық көпсалалы аураханасы» комплаенс қызметі семинар кеңес өткізді;

Қатысқандар:  директор м.а. А.Жансенгіров, директор орынбасарлары, бөлім менгерушілері, аға медбикелер, әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері

Комплаенс-офицер А.С.Аргынгазинова

Күн тәртібі:

- Сыбайлас жемқорлықты алдын алу, оған қарсы күрес және қызметкерлердің жұмыста жемқорлық деректері белгілі болған жағдайда хабарлау туралы семинар кеңесі.

Комплаенс маманы – С.А. Арғынгазинова түсініктеме берді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбәр азаматтың борышы. Сыбайлас жемқорлық жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында заңсыз пайдалануы өзі үшін не үшінші тұлғалар үшін, сол сияқты осы тұлғаларға игіліктер мен артықшылықтар беру арқылы пара беру.

Аурухана қызметкерлеріне негізгі тәртіптер түсіндірілді.

Қызметтік міндеттерді орындау барысында  үшінші жақ немесе өзіне пайда көру мақсатында қызмет бабын пайдаланбауға.

Жеке жәнебас пайдасына қызығушылық танытпау.

Үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіруден немесе лоббирлеуден, сондай-ақ олардың атынан әрекеттер жасаудан бас тарту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу және олардың салдарын жою жөніндегі өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл субъектілерінің қызметі. 

Тікелей басшыдан алынған бұйрықтың негізділігіне қатысты кез келген күмән туралы басшыға немесе комплаенс қызметкеріне дереу жазбаша хабарлаңыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мемлекет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында медициналық қызметкерлеріне үстемақыны мақсатты жұмсау мәселелері ерекше бақылауда және тұрақты негізде тиісті жұмыстар жүргізеді. Қазақстан Республикасында пара алу және беру әрекеттері заңсыз болып табылады және қылмыстық кодекспен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің әрекет ету саласына жатады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактусу туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл өзге де жолмен жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен беріледі. Аталған ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, аурухананың ішкі құжаттарының жобаларын (тыйымдар, шектеулер және рұқсаттар) дайындау немесе қарау кезінде жүргізу (әрекеттер) ережелері түсіндірілді; Сатып алу қызметін жүзеге асыру кезінде; Коммерциялық қызметті жүзеге асыру кезінде; Персоналды басқару кезінде; Кадрларды таңдау және орналастыру кезінде.

 

Комплаенс офицер: С.А. Аргынгазинова